Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет
Ескерткіштің мерзімі: XIX ғ. ортасы мен аяғы.
Орналасқан жері: Әйтеке би ауданы, Белқопа ауылынан шығысқа қарай 1,2 км.
Тарихи мәлімет: Жолай-Жүсіп зиратын алғаш рет 1987 жылы Ш.Уәлиханов атындағы тарих, этнология және археология институты жанындағы Батыс-Қазақстан этнографиялық экспедициясы (жетекшісі С.Әжіғали) зерттеді. Сонымен қатар 2019 жылы Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтынан келген ғалымдар құлпытастардағы эпиграфикалық және эпитафиялық мәтіндерге ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Құлпытастардағы толық мәтін Ақтөбе облыстық тарихи ескерткіштерді қорғау орталығында сақтаулы тұр.
Ескерткіштің сипаттамасы: Төрқара руының үлкен зираты. Ескерткіш қорған және күйдірілген және күйдірілмеген кірпіштен салынған екі кесенеден, тас қоршау және қазіргі кезеңгі молалардан тұрады.
Зираттың оңтүстік бөлігінде екі кесене бар. Біреуі бай Жүсіп Жолайұлының моласының үстіне салынған, халық арасында аты да соған байланысты берілген. Төртбұрышты формада, күйдірілген және күйдірілмеген кірпіштен салынған. Қазіргі таңда қатты бүлінген. Шамамен өлшемі 8х8 метр. Алдыңғы бөлігінде (солтүстік-батыс) төртбұрышты бүтін блоктан құлпытас орналасқан. Үш жағына тегіс бетті араб жазуы ойып жазылған. Құлпытастың жанында граниттік тақта орнатылған.
Екінші кесене оңтүстік-шығысқа 25 метр қашықтықта олда қатты бүлінген. Оңтүстік-батыс қабырғасында кіре беріс есігі болған болуы мүмкін. Ішкі қабырғаның кейбір бөліктерінде сәндік қалаулар сақталынған. Алдыңғы солтүстік-батыс қабырғасында тұтас блоктан құлпытас орнатылған. Беткі бөлігіне тегіс бетті араб жазуы ойып жазылған.
Жолай-Жүсіп бейіті – XIX ғасырдағы қазақ билерінің және қоғамдағы беделді тұлғалардың тарихи ескерткіші ретінде аса құнды. Екі кесененің бір-бірінен қашықтықта орналасуы мен олардың құрылыстық ерекшеліктері дәстүрлі қазақ сәулетінің ережелерін көрсетеді: кірпіштен салынған пирамида тәрізді кесенелер мен араб жазуы ойып жазылған құлпытастар сол дәуірдің эпитафиялық дәстүрін айқын бейнелейді. Бұл зираттың археологиялық зерттеулері көрсеткендей, зират тек қана жеке тұлғаның емес, тұтас Төрқара руының тарихи және рухани өмірін бейнелейді.
Бейіттің қазіргі күйі ескерткіштің тарихи сақталу деңгейін айқындайды. Құлпытастар мен кесенелердің бірқатар бөліктерінің бүлінуі реставрация мен қорғауды қажет етеді. Ғылыми зерттеулер мен эпиграфикалық талдаулардың нәтижесінде алынған деректер жергілікті халық пен тарихшыларға Жолай-Жүсіптің қоғамдық қызметі мен оның тұтас ру тарихындағы рөлін түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зират қазақ даласының дәстүрлі мемориалдық сәулет мәдениетінің маңызды үлгісі ретінде Қазақстанның мәдени-тарихи ландшафтында ерекше орын алады.
Сілтемелер:
- Ақтөбе газеті – https://aqtobegazeti.kz/?p=147547