Атауы: Жапақ тамы кесенесі
Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет
Ескерткіштің мерзімі: XIX ғасырдың аяғы
Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Жайсаңбай ауылынан шығыс – оңтүстік — шығысқа қарай 7 шақырым
Зерттелуі: Ескерткішті 1980 жылы Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің «Қазреставрация» ҒЗЖИ экспедициясымен тіркеген. 1984 жылы республиканың тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау ОСО экспедициясымен паспорттау мақсатында зерттелді (жетекшісі С.Әжғали).
Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткіш Батыс Қазақстан өңіріндегі екі камералы кесенелердің сирек кездесетін түрлерінің біріне жатады. Порталды, дөңгелек пішінді кесененің кіреберісі оңтүстік-батысқа бағытталған. Сыртқы шеңберінің диаметрі 8 метрді құрайды. Портал дөңгелек құрылымды тең бөліктерге бөліп тұр, сондай-ақ төрт шағын ойықша бедермен безендірілген. Мұнара тәрізді күмбезшелер құрбандық орны іспетті сыртқа шығыңқы етіп жасалған. Кесене мен сағана шикі кірпіштен салынған, ішкі бөлігі саз-саман ерітіндісімен сыланған және әктелген. Кесененің ішкі бөлігінде төрт жерасты қабірінің үстіне сахна тәрізді тұғырлар орналастырылған. Мазардың жалпы биіктігі 7,1 метр.
Сілтемелер:
