Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет
Ескерткіштің мерзімі: 1998 – 1999 жылдары
Орналасқан жері: Ырғыз ауданы, Жайсанбай ауылынан оңтүстікке қарай 13 шақырым жерде орналасқан
Ескерткіштің сипаттамасы: Сәмет батыр (Назымұлы) кесенесі Ырғыз ауданының Жайсанбай елді мекенінен 13 шақырым жердегі «Дәрмен» деп аталатын жерден 1 – 1,5 шақырым жердегі биік төбенің басындағы өз қабірінің үстіне салынған. Ақ және сары кірпіш комбинациясымен өрілген кесененің арка пішінінде салынған 1 есік және 5 терезесі бар. Кесененің жоғарғы жағы шар тәрізді күмбезбен аяқталған. Кесене қасына орнатылған гранит құлпытасқа: «Тоқа-Сәмет Назым-ұлы 1744-1844 Руы Шөмекейдің Бескем Тоқасы. Ұрпақтарынан 1998-1999» дегенжазу жазылған. Айналасы темір қоршаумен қоршалған. Кесененің жалпы биіктігі – 9 метр.
Тарихи мәлімет: Сәмет (1744 – 1839) Жанқожа батырдың жасағына қосылып, белгілі батырлардың бірі болыпты. Сәмет батыр ХІХ ғасырда Ресейдің отарлау саясатына қарсы күрестерде Кіші, Орта жүзге танымал болған тұлға. Ор, Ырғыз, Сырдария бойларына бекіністер салуға кедергі жасап, халықты дінінен, әдет – ғұрпынан айыруға бағытталған зорлықтарға көнбей шайқастарға қатысқан батырлардың бірі. Есімі мен ісі Сыр сүлейлерінің жырларында сақталған. Ұрпақтары Алматы, Қызылорда облыстарында тұрады, дулығасы сақталған. Сәмет баба мазары Түркістандағы «Жолбарыс ханның» шешесінің кесенесінің макеті бойынша салынған. Мазар салу ісі 1998 жылы Сәмет бабаның жетінші ұрпақтары Махмут Байжанов, Ақан Саржанов, Серік Жаппасбайұлы, Алмас Алматов, шебер ұста Қожаберген және басқаның демеушілігімен басталып, 1999 жылы күзде аяқталды.
Сілтемелер:
- Ақтөбе газеті – https://aqtobegazeti.kz/?p=149476