Ескерткіштің түрі: Киелі объекті
Ескерткіштің мерзімі: 1970 жыл
Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ш.Берсиев атындағы ауылдан 2 км шығыста.
Қысқаша анықтама: Ескерткіш Қаратал ауылының солтүстік-шығыс шетіндегі қазақ зиратының ішінде орналасқан. Бұл цемент қызыл кірпіштен салынған қоршау (төртқұлақ). Сыртқы жағынан қабырғалар сыланып, ақталған. Ұзын жағы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылған. Қабырғалардың бүйірлерінде ұзын темір шыбықтар бекітілген. Алдыңғы жағында цемент блоктан жасалған құлпытас пен мәрмәр тақтасы орнатылған. Қоршаудың көлемі: ұзындығы – 3,996 м, ені – 2,77 м, биіктігі – 2,906 м. Сүлеймен ата бейітінің айналасында шикі кірпіштен қаланған қоршаулар бар. Олардың кейбіреулерінде құлпытастар орнатылған.
Аңыз әңгіме: Атаның өзінің өлерін біраз бұрын сезіп, туысқандарына: «Алда – жалда аттанып кетсем, бейітімді төрт құлақты қылып салыңдар. Қауымнан елу метрдей жерде, жалғыз теректің жанына пеш салып, бір бөлмелі үй түрғызындар. Ішіне киіз жайып, шам қойындар» деген. Қазіргі таңға дейін сол түнек үйіне әулиенің аруағына сиынып келгендер қонып, ауруларына ем сұрайды. Тіпті, сәби сүйе алмағандардың да тілектері қабыл болып жатады. Көріпкелділігі туралы аз айтылмайды. Сүлеймен ата емдеген талай адамдар күні бүгінге дейін өз бастарынан өткендерін ұмытпаған. Ата туралы аңыз әңгімелер мәңгі естерінде сақталған.
Сынықшы Сүлеймен Қарабалаұлы бейіті – қазақтың рухани мәдениеті мен дәстүрлі сенімдерін бейнелейтін киелі объект болып табылады. 1970 жылы салынған қоршау мен құлпытас оның ата-бабасына деген құрмет пен жергілікті қауымның тарихи санасын сақтаудың көрінісі. Бейіттің орналасуы мен құрылымы – төртқұлақты қоршау, жалғыз теректің жанындағы пеш және бір бөлмелі үй – жергілікті дәстүрлі салт-дәстүрлерге сәйкес жобаланған, бұл қазақ халқының өлімге, аруаққа деген сенімін көрсетеді. Аңыз-әңгімелерде сипатталған Сүлеймен атаның көріпкелдігі мен емдік қасиеттері, сондай-ақ оның бейітіне келіп, ауруларына шипа іздейтін қауым – бұл зираттың тек мемориалдық ғана емес, сонымен бірге рухани және әлеуметтік орталық екенін дәлелдейді. Осы тұрғыдан, бейіт жергілікті мәдениет пен діни наным-сенімдерді зерттеуге, халықтың рухани тәжірибесін түсінуге маңызды дерек көзі болып табылады.
- Ақтөбе газеті – https://aqtobegazeti.kz/?p=8043