Қарабас әулие зираты

Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет

Ескерткіштің мерзімі: XIX ғасырдың II жартысы

Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарыбұлақ қонысынан батысқа қарай 4 шақырым

Ескерткіштің сипаттамасы: Бейіт үсті құрлыс, камерасы құмтас тақталарынан жасалған плиталармен үйілген сопақша қоршаудан және оның солтүстік – батыс қабырғасына орнатылған стела – құлыптастан тұрады. Қоршау солтүстік – шығыс – оңтүстік – батыс осімен созылып жатқан, құрғақшылық тәсілмен қаланған. Құлыптас тұтас әктас – құмтас кесіндісінен қашалған және қимасында тікбұрышты (11 x 25 см) жартылай шеңберлі сүйір төбесі бар бағана болып табылады. Солтүстік – батыс жағы беткі жағы болып табылады, оның төрт жиектер – жақтауларында жазық рельефті арабографикалық эпиграфика жазылған. Одан төменгі және жоғарғы бөлігінтерінде күрделі емес ою – өрнекті композициялар: толқындар мен пальметтер орнатылған. Соңғысының негізінде тікбұрышты рельефтік жиектеме бар. Діңгектің оңтүстік – батыс қырында ойық эпиграфика, діни мазмұнның бір жағына жоғарыдан төмен орналасқан. Қоршаудың көлемі жоспардағы – 2, 00 x 2,75 метр; биіктігі – 0,55 метр, құлыптас биіктігі – 0,85 метр.

Тарихи мәлімет: Қарабас Көшейұлы– халық батыры. XVIII ғасырда Торғай өзенінің бойында ғұмыр кешкен. Арғы тегі кіші арғынның шақшақ руынан бастау алады. Батыр көріпкелдігі бар әулие болған.

Қарабас Көшейұлы – XVIII ғасырда Торғай өзенінің бойында өмір сүрген халық батыры және көріпкел әулие. Оның арғы тегі кіші арғынның шақшақ руынан бастау алады, бұл зираттың тарихи және мәдени маңыздылығын арттырады. Зират пен құлпытастың сәулет элементтері мен эпиграфикасы қазақ далалық мемориалдық сәулетінің айрықша үлгісін көрсетеді және XVIII–XIX ғасырлардағы батырлық пен рухани дәстүрлерді зерттеушілер үшін құнды материал болып табылады.

Сілтемелер:

1 Ақтөбе газеті – https://aqtobegazeti.kz/?p=15569