Ескерткіштің түрі: Киелі объекті
Ескерткіштің мерзімі: XVIII- XX ғғ.
Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Хромтау қаласынан 35 км оңтүстік-оңтүстік-шығыста.
Зерттелуі: Өлкетанушы Р.Ілиясованың «Қазына» атты кітабында Ойсылқара қорымы туралы біршама мәліметтер келтірілген. Автордың айтуынша сол елді мекеннің де, өзеннің де Ойсылқара атты әулиенің атымен байланысты деп келтіреді. Сонымен қатар бұл қорым 1998 жылы және 2010 жылы Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының «Батыс Қазақстанның кешенді этноархеологиялық экспедициясы С.Е.Әжіғалидің жетекшілігімен зерттелді. Ж. Кейкин «Төрт түлік» атты мақаласында Ойсылқара – ең алғаш түйе бағып, түйе атасы атанған Уайсхарра есімді араб немесе айыр түйенің ең алғашқы бурасы деген анықтамаларды ұсынады.
Қысқаша анықтамасы: Ойсылқара қорымы Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы ең ірі мемориалды-діни кешен болып табылады. Қорымның эпонимі әулие, түйенің және түйе шаруашылығының пірі – Ойсылқара болып саналады. Бұл кешен XVIII-XX ғ.ғ. басына жататын жалпы алаңы 100х170 м, шығыстан батысқа қарай созылған 150 бейіт орналасқан дәстүрлі ескерткіштерден құралған көне қорым.
Аңыз әңгіме: Ел ішінде түйенің пірі – Ойсылқара есімімен танылған Уайс аль-Қорани сахабаның жеті жерде бейіті бар деп айтылады. Солардың бірі Батыстан шығысқа созылып жатқан кәрі Мұғалжар қыраттарының шеткі тұсы, Ойсылқара өзеніне жақын төбешіктегі қорым. 1980 жылдары өлкетанушы, сол кездегі облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Рысжан Ілиясқызы Ойсылқара ауылының тұрғындары –Тұрсын Нұрмұқанов, Ғилман Төлезбаев, Абай Жақсылықовтан осы жердің қарттарынан жеткен аңызды жазып алған. Ауыл ақсақалдарының айтуынша, жеті жұртты аралап қартайған сахаба осы жерге жеткенде, түйесін шөгеріп өмірден өтөбешіктен жеті бағытқа қарай тарасқан. Әрқайсысы жетектеген түйеге артқан сандықта Ойсылқара әулиенің денесі жатыпты деген аңыз қалған. Сахаба қайтыс болған кезде, оның денесін алып кеткен адамдар осы төбешіктен жеті бағытқа қарай тарасқан. Әрқайсысы жетектеген түйеге артқан сандықта Ойсылқара әулиенің денесі жатыпты деген аңыз қалған. Ойсылқара осы өзен жағасында дүние саларда жеті жұрт сүйегін өз жеріне әкетіп жерлеуге таласатынын біліп, жеті маяға жеті сандық артып төбе басына түнеңдер дейді. Кім бұрын оянса, соның сандығында жататынын айтады, Төбе басында түнеп, таңсәріде ұйқыдан тұрған бойы сандықты ашқандар әулиенің жатқанын көріп, маяларын жетелеп, үнсіз ғана өз елдеріне бет түзеген. Ойсылқара әулиенің өмір сүрген уақыты шамамен VII-VIII ғасырлар деп айтылып жүр. ІХ-ХІ ғасырларда өмір сүрген деген де мәліметтер бар. Қариялар айтқан аңыз бойынша Ойсылқара сопылық хадисін орындаушы ретінде Сахарадағы жеті жұртты аралаған тахуа кісі екен. Пайғамбардың тірісінде жүздесу үшін екі рет барып, жүздесе алмапты. Пайғамбарымыз дүниеден өтерде сахабаларының біріне «Сахарадағы Ойсылқараға» тапсыр деп жидесін аманатқа қалдырып кеткен дейді.
Төрт түлік малдың пірлері саналатын Шопан ата әулие – Маңғыстауда жерленген, ал Жамбыл облысында Зеңгі бабаның күмбезі бар. Сонда түйе атасы – Ойсылқара біздің өңірде жерленген болса керек. Бірақ жер аты мен өзен атауы қай Ойсылқара атымен қойылған. Ғылымда мұны айқындайтын нақты дәлел жоқ.
Сілтемелер:
- Егемен Қазақстан газеті – https://egemen.kz/article/253500-oysylqara-aulie-kesheni-qorghaugha-alyndy
- Ана тілі газеті – https://anatili.kazgazeta.kz/news/18141