Айшықты баба қорымы

Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет

Ескерткіштің мерзімі: ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ.

Орналасқан жері: Мұғалжар ауданы, Саға ауылынан 17 км оңтүстік-батыста, Жем өзенінің оң жағалауы.

Тарихи мәлімет: Қорым ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында Назар руының жеке қорымы ретінде қалыптасқан. Қорымның негізі айшықты құлпытасы бар сағанатамнан бастау алады. ХХ ғасырдың 60-70 жылдары мұнда негізінен Назар руының өкілдері жерленген. Кейінгі жылдары өзге де ру өкілдерінің бейіттері пайда болған.

Ескерткіштің сипаттамасы: Айшықты баба қорымының атауы Қышыр есімді кісінің айшығы бар құлпытасынан алынған. Ол  қорымның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Бейітте ескі де жаңа да молалар кездеседі. Қорымның ескі бөлігі дұрыс сақталмаған. Қорымдағы бейіттердің көпшілігі силикат кірпіштен салынған «төртқұлақты» қоршаулар, темір қоршаулар, сондай-ақ кей жерлерінде силикат кірпіштен, темірден салынған шағын кесенелер бар. Қорымның өлшемі: 260 х 152 м.

Айшықты баба қорымы – ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ руаралық мемориалды дәстүрінің көрінісі болып табылады. Қорымдағы құлпытастар мен шағын кесенелердің архитектуралық ерекшеліктері, оның ішінде силикат кірпіш пен темірден салынған қоршаулар, жергілікті сәулет мектептерінің даму деңгейін көрсетеді. Қорымның ескі және жаңа бөліктерінің араласуы тарихи кезеңдердегі жерлеу дәстүрлерінің өзгеруін бейнелейді. Сонымен қатар, Қышыр есімді тұлғаның айшықты құлпытасынан алынған атау бұл нысанның мәдени және рухани мәнін айқындап, руаралық байланыстар мен жергілікті қауымның тарихи сана-сезімін ғылыми зерттеу үшін құнды дерек көзі ретінде қызмет етеді.