Ескерткіштің түрі: Киелі объекті
Ескерткіштің мерзімі: ХІХ ғ. ортасы.
Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Ақкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 15 км.
Зерттелуі: С.Әжіғалиевтің «Архитектура кочевников феномен истории и культуры евразии» атты монографиясында Бопай бейіті туралы қысқаша ақпарат бар.
Қысқаша анықтамасы: Бопай бейіті тік бұрышты жоспарлы (3,30х5,40 м) «төртқұлақты» қоршау болып келеді. Оңтүстік бетінде ішке кіретін есіктің орны бар. Бейіттің қабырғалары негізінен өңделмеген кірпіштен қаланған, алайда қазіргі таңда бейіттің қабырғалары құлап, өте қатты бүлініп бұзылып жатыр.
Аңыз әңгіме: Бопай Қасым ханның қызы, Қазақ халқының 1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы болып табылатын әйгілі Кеңесары ханның қарындасы.
Жергілікті қариялардың айтуы бойынша Бопай Тілеу батырдың екінші әйелі болған. Төртқара руының тоқпанынан тарайтын шобан аталығынан.
Бопай бейіті – қазақ тарихындағы маңызды тұлғалардың рухани ескерткіші болып табылады. Бұл жергілікті халықтың аңыз-әңгімелерінде сақталған тарихи және мәдени маңызы зор орын. Бопай Қасым ханның қызы және Кеңесары ханның қарындасы ретінде ұлт-азаттық қозғалысына қатысы бар тұлға болғандықтан, оның бейіті тек жеке тұлғаға ғана емес, сонымен қатар XIX ғасырдағы қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік өміріне байланысты тарихи оқиғаларды еске түсіру үшін де маңызды.
Сілтемелер:
- Wikipedia (Қазақша) – Бопай бейіті
Бұл мақала Бопай бейітінің тарихи және мәдени сипаттамасын қамтиды, сонымен қатар оның Қасым хан мен Кеңесары ханмен байланысын көрсетеді.
https://kk.wikipedia.org/wiki/Бопай_бейіті - Ақтөбе газеті — https://aqtobegazeti.kz/?p=84786 https://aqtobegazeti.kz/?p=78591
